Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы сұхбаты еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиғаға айналды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында жастардың рөліне ерекше мән берілгенін айтып, маңызды мәселелеріне тоқталды.
Мемлекет басшысының сұхбаты – Қазақстанның келешегі болашақ ұрпақтың қолында екенін көрсететін ашық әрі мазмұнды диалог. Онда білім, ғылым және цифрландыру мен жасанды интеллект арқылы адам капиталының дамуына басымдық берілген. Бұл – қоғамның цифрлық және ЖИ технологияларын меңгеруге деген объективті сұранысын көрсетеді. Цифрлық трансформацияның негізгі қозғаушы күші – жаңа технологияларды қабылдауға дайын белсенді жастар.
Мемлекет бұл бағытта институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайларды жүйелі түрде қалыптастырып, грантты қолдау жүйесін кеңейтіп, «Жас ғалым» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар «Алатау Сити» жобасы мен «Alem Cloud» суперкомпьютері іске қосылуда. Цифрлық кадрларды даярлайтын Tech Orda, AI-SANA, TUMO сияқты бағдарламалар да маңызды рөл атқарады.
Бұл шараларды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры жүргізген әлеуметтік-зерттеулер де растайды. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтар цифрлық экономика жағдайында сұранысқа ие дағдылардың маңызын күннен-күнге саналы түрде бағалай бастады. Атап айтқанда, респонденттер ең маңызды дағдылар ретінде ақпараттық сауаттылық (47%) пен әлеуметтік интеллектіні (35%) көрсеткен.
Екінші маңызды идея ретінде сананы терең модернизациялау концепциясы бұл – ақпаратты саналы түрде өңдей алатын, пассивті контент тұтынудан шығып, сыни ойлай білетін қоғам құру жайлы. Бұл – жастар үшін өздерін дамытуға ұмтылу, себебі біздің болашағымыз тек инженерлер мен программистер арқылы емес, күрделі әлеуметтік процестерді түсіне білетін гуманитарлық мамандар арқылы да қалыптасады.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнамалар бұл сынақтың ауқымын көрсетеді. Жастардың 66,7%-ы негізгі ақпарат көзі ретінде әлеуметтік желілерді қолданады, онда алгоритм арқылы жасалған ақпараттар басым. Дегенмен көпшілік ондағы жаңалықтар легінің алгоритм нәтижесі екенін, объективті шындық емес екенін түсінбейді.
Ол «эхо-камералар», жалған ақпарат және күрделі процестерді жеңіл қабылдау қаупін тудырады, бұл туралы президент те айтқан еді. Мұнда тек медиасауаттылық қана емес, фактілерді манипуляциядан ажырата білу және цифрлық қысым жағдайында саналы шешім қабылдау қабілеті маңызды.
Сұхбаттың әлеуметтік-экономикалық бөлімі елдің дамуын қабылдауда терең әрі саналы көзқарас қалыптастырады.
Жастар үшін тек цифрлардың өсімі емес, нақты шектеулер мен ережелер туралы айтылуы да маңызды. Бүгінгі тұрақтылық дегеніміз – оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндігің болу және жеке күш-жігерің мен нәтиже арасындағы байланысты айқын көре білу.
Президенттің әлеуметтік әділеттілікке, билік пен бизнес арасындағы серіктестікке баса мән беруі қысқа мерзімнен ұзақ мерзімді жауапкершілікке ауысудың белгісі ретінде қабылданады.
Дәл осындай логика сенім қалыптастырады және патернализмге деген сұранысты азайтады, бұл жастарға еңбекті, кәсіпкерлікті және кәсіби дамуды тұрақты болашақтың негізі ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Сұхбатта айтылған мемлекет пен бизнестің серіктестігі жөніндегі бастамалар өз нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, 2022 жылдан бері 20 мыңнан астам жас кәсіпкер грантқа ие болды, алайда бұл қолдауды одан әрі көбейту қажет.
Жастар үшін өзгерістерге сырттан бақылаушы болып қана қоймай, белсенді қатысушы болу да аса маңызды екенін айтты.
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, жастар азаматтық белсенділікке дайын және елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін түсінеді, алайда олар үшін қатысу жолдары айқын және ашық болуы қажет.
Біздің орталықтың мәліметіне сәйкес, 63,7% жас азамат өз рөлінің азаматтық қоғамның дамуына әсер ететініне сенім білдіреді. Бұл олардың қоғамдық белсенділік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, президент атап өткен реформаларды кең ауқымды қоғамдық талқылау мәдениеті сенім мен бірлескен іс-қимылдың негізін қалайды.
Мемлекет жастарды диалогқа шақырған кезде, олардың қатысуы формальді сипаттан шығып, саналы таңдауға айналады.
Сұхбаттағы құндылықтар, жауапкершілік және әділдік мәселесіне де ерекше назар аударған жөн. Бұд тақырып жас буын үшін аса маңызды.
Әскерде әлімжеттікке жол берілмеуі, әскери қызметтің жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі ретінде маңыздылығы, әлеуметтік паразитизм мен әділетсіздікке қарсы тұру туралы айтылған ойлар мемлекеттік деңгейдегі нақты құндылық ұстанымы ретінде қабылданады.
Жастар үшін билік өкілдерінің тікелей жауапкершіліктен қашпай, күрделі тақырыптарды бірлесе талқылауы маңызды. Бұл ашық әңгіме жүргізілгендей әсер қалыптастырып, сенімді нығайтады.
Әділдік сезіміне жас буын, әсіресе Z және Альфа ұрпақтары өте сезімтал, сол себепті бұл бағыттағы диалогтар мәнді әрі сенімді болып көрінеді. Бұл тәсіл құндылықтарды белгіленген нормалар ретінде емес, қоғам мен мемлекет бөлісетін нұсқаулық ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, бұл сұхбат белсенді жастар үшін нақты «жол картасы» іспетті. Ол жеке жауапкершілікті жоғары деңгейде қоюға шақырады, білімге, технологияларға және институттарға инвестиция салу арқылы жастардан азаматтық және кәсіби белсенділік күтеді. Мемлекет басшысы жариялаған стратегиялық бағытты нақты іске асыру көбіне жас буынның өз қолында. Біздің міндетіміз – осы жолдауларды зерделеу, өз құзыреттерімізді дамыту және жаңғырту үдерістеріне белсенді түрде қосылу, өйткені біз президент айтқан жаңа, технологиялық және әділ Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеуіміз керек.