Жастар күніне арналған ұлттық онкүндік аясында 256 тонна қоқыс жиналды

Жастар күніне арналған ұлттық онкүндік аясында 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабақтарын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. Ертең, 4 тамыз өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.