Жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақ боксшылары анықталды

Жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақ боксшылары анықталды

30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК-нің мәліметінше, бапкерлер штабы жарысқа баратын қазақстандық боксшылардың тізімін жариялап отыр. 

Ерлер

50 келі: Нұрзат Оңғаров

55 келі: Бексұлтан Боранбек

60 келі: Нұрислам Қалдыбаев

65 келі: Илья Калинин

70 келі: Нұрбек Мұрсал

75 келі: Аман Қонысбеков

80 келі: Санжарәлі Бегалиев

85 келі: Азатбек Жолдасхан

90 келі: Темірлан Мұқатаев

90 келіден жоғары: Нұрасыл Асылхан

Бас бапкер: Бақыт Сәрсекбаев

Әйелдер

48 келі: Гүлназ Бөрібаева

51 келі: Томирис Мырзақұл

54 келі: Элина Базарова

57 келі: Виктория Байдукова

60 келі: Әсем Таңатар

65 келі: Аружан Жаңабаева

70 келі: Бақыт Сейдіш

75 келі: Шұғыла Нәлібай

80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын

Бас бапкер: Елдос Сайдалин

Айта кетейік, аталмыш жарысқа 26 елден 400-ге жуық боксшы қатысады.

Бұған дейін Моңғолия Гранд Слэміне қатысатын ұлттық құрама дзюдошыларының есімі белгілі болған еді.