Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

20 Қыркүйек 2022, 10:56 1954

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді

«Жастар» ҒЗО мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ҒЗО арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді.

«Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары». 

Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылмақ.

Несие беру шарттары: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.

Бөлісу: