Жастар 2,5%-дық мөлшерлемемен несиелер ала алады

2 Қаңтар 2023, 12:45 3284

Ақшалай қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде берілетін болады

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақшалай қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысатын азаматтарға конкурстық негізде берілетін болады.

Шағын несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды, займның ең жоғары сомасы – 5 млн теңгеге дейін, мерзімі – мал шаруашылығын есепке алмағанда, кез келген мақсаттар үшін 5 жылға дейін (7 жылға дейін). Жалпы, бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді.

EL.KZ
Бөлісу: