Жасөспірімдер жеңісі

11 Сәуір 2017, 14:57 2522

Әлем біріншілігіндегі зор нәтиже

Алғаш рет ауыр атлетикадан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Бангкокта өткен әлем біріншілігінде үшінші орынға қол жеткізді. Олардың еншісінде барлығы 6 жүлде бер, оның 3-і алтын, күміс және қос қола медаль.

16 жастағы Анатолий Савельев 62 келі салмақта 281 келіні (127+154) бағындырып, қоржынға алғашқы алтын жүлдені салған еді. 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Артем Антропов 323 келіні (138+185) еңсеріп, екінші алтынға қол жеткізді.

Қыздар арасында 75 кг. дейінгі салмақта бақ сынаған 15 жасар Ольга Пастухова 211 келі (91+120) көрсеткішімен бірінші орынға табан тіреді.

62 кг. категориясында Дарья Павлова 201 кг (90+111) нәтижесімен күміспен күптелді.

77 келі салмақ дәрежесінде Асылжан Бектай 306 (140+166) ұпаймен үшінші тұғырдан көрінді.

69 келі салмақтағы қыздар арасындағы додада тағы бір отандасымыз Карина Кузганбаева қос сайыс (94+113) нәтижесі бойынша қоржынға екінші қоланы салды.

Осылайша, ерлер мен қыздар құрамасы да үшінші сатыға жайғасып, өрендеріміздің нәтижесі  2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына ауыр атлетикадан барлық лицензияны жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: