Әлемге әйгілі Christie’s аукцион үйі алғаш рет толығымен жасанды интеллект арқылы жасалған өнер туындыларына арналған көрмесін ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Augmented Intelligence» (Кеңейтілген интеллект) атты аукцион 20 желтоқсанда Нью-Йорктегі Christie’s Rockefeller Center галереясында өтеді.
Көрмеге қатысушылардың қатарында суретші және Spawning AI атты ЖИ-стартаптың негізін қалаушы Мэт Драйхерст бар. Шараның басты экспонаты - нақты уақытта сурет салатын робот суретші болмақ.
Алайда мұндай бастама барлығына бірдей ұнаған жоқ. Әлеуметтік желілерде көптеген суретшілер өз наразылығын білдіріп, генеративті ЖИ құралдарының көпшілігі авторлардың еңбектерін рұқсатсыз пайдаланғанын алға тартуда. Олардың пікірінше, мұндай аукциондар қолмен еңбек ететін суретшілердің еңбегін көлеңкеде қалдырады.