Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-ші орын алған Заңғар Нұрланұлы Чхунчхонда өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.
Финалда ол корейлік Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнир барысында Заңғар өзінің қарсыластарынан бірде-бір сетте кем түспеді.