Жас қызды ұрып-соққан Алматы әкімдігінің қызметкері ұсталды

20 Ақпан, 16:21 1040

Жас қызды ұрып-соққан Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бас маманы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкердің қызды балағаттап, ұрып-соққаны түсірілген видео таралған еді. Әкімдік оның жастар саясаты басқармасында істейтінін мойындады.

Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 61-бабы 1-тармағының 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды, - делінген әкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ қалалық полиция департаменті ер адамның ұсталғаны туралы мәлім етті. 

Алматы қаласының полиция департаменті Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жасап жатыр. Ер адам ұсталды, - дейді қалалық полиция департаменті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Казахстанский шоу-бизнес тут (@lavina.kz)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: