Елордада Кәсіби даму академиясы аясында жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған семинар-тренингтер өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас көшбасшылар жобалық менеджменттің заманауи технологияларын, ресурстарды бөлу әдістерін, сыни және аналитикалық ойлау негіздерін зерттеп, шешендік өнер бойынша дәріс алды. Академия қорытындысы бойынша қатысушылар топтасып жобалар қорғады.
«Кәсіби даму академиясы» жобасын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2021 жылдан бастап, жастар саясаты саласындағы менеджментті жетілдіру үшін іске асырып келеді. Бұл жолы 50 көшбасшы сертификат алды.