Жас қари жаңа көлік жеңіп алды

30 Қыркүйек 2022, 04:37 1963

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Қызылорда облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын», - деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Иманәлі Мырзагелді (Жамбыл облысы)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Нығматулла Абдазимов (Алматы қаласы)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Рауашан Хабиолла (Батыс Қазақстан облысы)

ІV орын (1 000 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Алматы облысы)

V орын (700 000) – Абай Шыңғысұлы (Қостанай облысы)

Бөлісу: