Жарыс кезінде 17 жастағы теннисші қыз қайтыс болды

15 Ақпан, 14:17 1958

17 жастағы пәкістандық теннисші Зайнаб Али Накви Исламабадтағы жасөспірімдер арасында ITF-J30 санатындағы турнир кезінде көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол сейсенбіде матч өткізуі тиіс болатын. Кешкісін қыздың мәйітін әжесі қонақүй бөлмесінен тапқан. Оның жүрек талмасынан қайтыс болғаны белгілі болды.

Пәкістан теннис федерациясының президенті Айшам Куреши Накви ойнауы тиіс корттың оның есімімен аталатынын жеткізді. Сондай-ақ Пәкістан астанасында алдағы аптада болатын турнир теннисшінің құрметіне арналмақ. ITF-J30 турнирі жарысы теннисшіні еске алу есебінде бір күнге тоқтатылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: