01.11.2023
19:12
1054
Жарты жылда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады

Жарты жылда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады

Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Франция арасындағы жыл сайынғы сауда көлемі 2,5-6,5 млрд долларды құрады, оның 80-90%-і қазақстандық тауарлардың экспорты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Франция еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Мысалы, 2022 жылы біздің тауар айналымымызда ол 8-орынды иеленді. 

ҚР ҰЭМ мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2,2 млрд доллар) 21,1%-ке жоғары.

Осылайша, 2023 жылы Франция ҚР сауда бойынша 7 негізгі серіктестерінің қатарына енді.

Қазақстаннан Францияға экспорт 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2,9%-ке өсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. Францияға экспорттың өсуі келесі тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді:шикі мұнай – 6,2%-ке 1,7 млрд долларға дейін және титан мен одан жасалған бұйымдар – 98,4%-ке 46,8 млн долларға дейін, - делінген мәліметте.

Бұл ретте келесі тауарлардың экспорттық жеткізілімдерінің төмендеуі байқалады: уран – 45,8%-ке 79,4 млн долларға дейін, күкірт – 100%-ке.

Ал Франциядан Қазақстанға импорт көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамызда 881,8 млн долларды құрады.