Жәрмеңкелер, зауыттар, қоймалар: елорданың азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

4 Қыркүйек 2023, 18:26 872

Өткен демалыс күндері Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның жұмысы туралы қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев айтып берді.

Астанада 2 қыркүйектен бастап өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар әр сенбі мен жексенбіде 29 қазанға дейін өтеді.
Елордада алғашқы болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері келді, олар 556 тонна өнім әкелді.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен сатылады.

Келесі демалыс күндері елордаға Атырау және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері келеді. 16-17 қыркүйек күндері – БҚО мен Қызылорда облысы. Бұдан әрі – Алматы және Жетісу облыстары, Ақөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, ШҚО және СҚО, Қарағанды, Ұлытау облыстары. Өңірлік жәрмеңкелер маусымын 28 және 29 қазанда Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы өндірушілері аяқтайды, - деді спикер.

Ол сондай-ақ биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгергенін атап өтті. Өткен жылы ол «Астана-Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.

Елордада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер де өткізіледі. Өткізілетін күндер де сенбі-жексенбі. Оларға азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.

Жәрмеңкелер әр ауданда, арнайы белгіленген жерде өтеді. Әдетте, бұл жақсы трафик бар жерлер.

Астана аграрлық өңір болып саналмайды және тұтынылатын 2 млн тонна азық-түлік тауарларының тек 3 түрін (ұн, кеспе өнімдері және нан) өндіреміз, қалғандары басқа өңірлерден әкелінеді және импортталады. Сондықтан әкімдік өз өндірісін ұлғайтуға ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты, біз жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз, атап айтқанда, сауда инфрақұрылымы мен АӨК өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аударамыз, - деп атап өтті Мақсат Жаңабаев.

Тамақ өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 72 мың тонна болатын 8 жоба (сүт зауыты, ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.), сондай-ақ қуаты 14 мың тонна болатын 2 жылыжай кешені іске асырылуда.

Жыл бойы нан зауыты мен көкөніс қоймаларын, сондай-ақ кондитерлік фабриканы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайтын сақтау орындары – 2 көтерме-тарату орталығы, 2 көкөніс қоймасы және 2 қойма кешені салынып жатыр.

Нарықты монополиясыздандыру аясында 10 млрд теңге жеке инвестицияға 2 заманауи базар салынып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: