Жаркентте ит ер адамды талап өлтірді: полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

15 Сәуір 2023, 13:20 3057

Жетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Жаркент қаласында болған. Бүгін таңертең шаһардағы көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, ер адамды ит талап өлтірген болуы мүмкін.

Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Оқиға орнында аудандық полицияның жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: