Жетісу облысы Панфилов ауданы Алмалы кентінде 3 жастағы баланың денесі арықтан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін баланың жоғалып кеткені туралы хабарландыру тараған. Бала үйдің ауласында ойнап жүрген жерінен ұшты-күйлі жоғалып кеткен.
Оны жүздеген адам болып іздеген. Оған полиция, шекара қызметінің әскери қызметшілері мен жергілікті тұрғындар да қосылған. Іздеу барысында баланы бір күн өткен соң арықтан тапқан.
Кентке келетін суды жапты. Суару арнасындағы су көлемі азайған соң жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 шақырым жерден табылды. Бала арыққа құлап кетіп қаза табуы мүмкін, қатты ағыс әрі қарай ағызып әкеткен, - делінген Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.