Жарасбаев: Қысқы спорт түрлерінің дамуына басқаша көзқарас қалыптастыру керек

26 Қаңтар 2022, 16:48 1933

Неге Олипиадаға дайындалу үшін қаржы бірдей бөлінбейді тек нәтиже көрсеткен спортшыға басымдық берілді? Журналист сұрағына орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте Мәдениет және спорт вице-министр Серік Жарасбаев жауап берді.

Қысқы спорт түрлерінің дамуы жазғы спортымызға қарағанда төмендеу. Оны мойындау керек. Мәселен, мәнерлеп сырғанауды спортын алар болсақ, тек бірнеше адамның есімін еске түсіреміз. Мұның алдын алу үшін Олимпиададан кейін қысқы спорт түрлерінің дамуына басқаша көзқарас қалыптастыру қажет. Келешекте қателікке жол бермеу үшін осы жолы жастар мен жасөспірімдерге назар аударылып отыр. Осы бағытта жұмыстар атқарылады, -деді вице-министр.

Еске салайық,  XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында өтеді. 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтетін додада 109 медаль сарапқа салынбақ. Сондай-ақ жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да болады

baq.kz

Бөлісу: