21.09.2025
05:24
492
Жарақат алған Неймардың алаңға қашан оралатыны анықталды

Жарақат алған Неймардың алаңға қашан оралатыны анықталды

33 жастағы «Сантос» шабуылшысы Неймар жарақатына байланысты кем дегенде бір ай бойы алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы журналист Лукас Мусетти әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Дереккөздің мәліметінше, жақын күндері бразилиялық футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді. Соның нәтижесінде «Сантос» ойыншының жағдайы туралы нақтырақ ақпарат алмақ.

Бұған дейін БАҚ Неймардың квадрицепс бұлшықетін жарақаттағанын жазған еді.

Айта кетейік, 2025 жылы Неймар екі рет тізе асты сіңірін жарақаттаған болатын. Ол «Сантоспен» 2025 жылдың соңына дейін келісімшарт жасаған. Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтық құны – 11 миллион еуро.