Жақыныңызға естен кетпес әсер сыйлағыңыз келсе...

28 Желтоқсан 2023, 19:00 3490

Қазақстандықтар үшін жаңа жыл ғажайыпқа толы мереке. Қонаққа бару, сыйлықтар сыйлау – жаңа жылдың айнымас дәстүрі. Дегенмен жақындарды қуантып, олардың көңілінен шығу оңай емес. Жақындарыңыз бен достарыңызға ерекше әсерге бөлеп, есте қалу үшін кеңестерімізді ұсынамыз.

Сыйлықты адамның өзіне арнап таңдау

Сіз сыйлық беретін адам кім? Оның сүйікті ісі туралы сүйікті сериалы немесе фильмі туралы, қандай тағамды ұнататыны туралы ойланып көріңіз.  Ол неге қызығады? K-pop мәдениетін немесе спортты жақсы көре ме? Әлде бәрін бірден жасай ала ма? Осы сұрақтарға жауап берсеңіз, не сыйлауға болатынын өзіңіз де түсінесіз.  

Әлеуметтік желіні сүзіп шығу 

Сыйлық сыйлайтын жақыныңыздың немесе досыңыздың әлеуметтік желідегі парақшасын сүзіп шығыңыз. Ол қандай дүкен парақшаларына жазылғанын шолып шықсаңыз болады. Посттар мен суреттерге қарап, талғамы мен хоббиін анықтауға болады.

Ностальгияға берілу

Балалық шақ әрбір адамның көңіліне жылы естеліктер сыйлайтыны анық. Ендеше балалық шақтан бірге өскен досыңызға ностальгия сыйлайтын сыйлықты неге жасамасқа? Мұндай сыйлық жүректен жүрекке жетеді.

Әсер ету 

Сыйлықты ең кереметі – эмоция сыйлау. Сондықтан ұмытылмас әсерге толы сыйлық туралы ойлануға кеңес береміз. Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін: сүйікті топқа немесе театрға билеттер, денені балқытатын массажға сертификат, сұлулық салонына сертификат, қатысқысы кеп жүрген курс сертификаты, сурет салу, аспаздық шеберлік, вокал, альпинизм сертификаты.

Тәтті өнімдер

Тәтті өнімдер – әмбебап сыйлық. Ол әріптесіне, досына және отбасы мүшесіне ұнайды. Адамның қандай талғамға аңсары ауатынын ойланыңыз: тәттілердің немесе дәмді ірімшіктердің барлық түрлері, шарап немесе басқа элиталық алкоголь, әлемнің кейбір елдерінің тағамдары немесе Pringle's чиптеріне деген үлкен махаббат. Қиялыңызды шектемеңіз!

Қорап толы сыйлық

Сыйлық сыйлайтын жақыныңызға арнап сыйлықтарды жинақтаңыз және оны әдемі сыйлық қорапқа салып, безендіріңіз. Оның ішіне бет күтіміне арналған маскаларды, сүйікті автордың жаңа кітабын, хош иісті шамды, сүйікті шоколадтың салсаңыз болады.

Тізімді сұраңыз

Мәселені шешудің ең қарапайым нұсқасы. Ол сізге ұнамауы немесе қажет болмауы мүмкін сыйлықты сатып алу мүмкіндігін толығымен жояды. Сыйлық ретінде алғыңыз келетін барлық нәрселердің шағын тізімін жасауды сұраңыз.

Әмбебап нәрсе беріңіз 

Жарқын түсті шұлықтар, үстел күнтізбесі, жоспарлаушы, кеңсе шыныаяқ немесе қайта пайдалануға болатын су бөтелкесі болуы мүмкін. Дәмді тағамдар, ерекше коктейльдер, кітаптар мен фильмдер, постер, шам ғажайыпқа сенетіндер үшін таптырмас сыйлық.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: