Жақында келін түсірген әнші Өмірқұл Айниязов үшінші рет әке атанбақ

24 Қазан 2023, 11:41 1753

Белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың жары күні кеше үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Қуанышты жаңалықты ұзақ уақыт құпияда ұстаған ерлі-зайыпты көпшілік алдында баланың жынысын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өмірқұл Айниязов жақындарының басын қосып, гендер пати жасады. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.

Бәрі бір айтып қойдық қой. Оқырмандардың сұрауымен видеоның толық нұсқасын тамашалаңыздар, – деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін жаудырды.

Айта кетейік, әнші жаз айында жалғыз ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓞𝓶𝓲𝓻𝓴𝓾𝓵 𝓐𝓲𝓷𝓲𝔂𝓪𝔃𝓸𝓿 (@omirkul_ainiyazov)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: