Жақсыбек Құлекеевтің немере інісі әкім болды

25 Мамыр 2023, 12:05 713

Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеевтің немере інісі Досбол Құлекеев  Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол - Досбол Құлекеев. 1981 жылы туған. Жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды несиелеу басқармасының менеджері болып бастады. 2007-2015 жылдары Астана қаласында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2015 жылдан 2022 жылға дейін Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сондай-ақ Астана және Павлодар қалалары бойынша «Petro Retail» ЖШС орталық филиалында басшылық қызметтерді атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС корпоративтік мәселелер бойынша бас директор орынбасарының лауазымын атқарды.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: