«Жақсы жаңалық...». Димаш Құдайбергеннің анасы қашан келін түсіретінін айтты

18 Қыркүйек, 15:18 20336

Көпшілікті толғандырып жүрген сұраққа Димаш Құдайбергеннің ата-анасы «1001 түн» бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар ата-әже болуға дайын екенін атап өтті.

Әрине, тәрбиелі болса дейміз. Қазақта бір ақ ауыз сөзбен жауабын беріп тастаған ғой. «Адал сүт емген бала болса болды» деп айтады. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз. Күтіп жүрміз. Өзінің бір сәті түседі деп ойлаймыз. Жақсы жаңалық болса, бөлісеміз, - деді Светлана Айтбаева.

Сонымен қатар Қанат Айтбаев та жарының жақсы ене болатынын алға тартып, үлгілі келін болғанын айтты 

Света – өмір бойы ата-енемен тұрған келін. Ата-анамның көңілінен шығып, үлгілі келін атанды. Анамның қаншама жақсы қасиеттерін бойына сіңірді. Әулетімізге сыйлы келіні болды. Сондай адамның жаман ене болуы мүмкін емес. Өз басым, осы кісіге сенемін. Салт-дәстүрді де мықтап ұстанатын отбасылардың біріміз. Димаш үйде болса, әлі күнге дейін келген қонақтардың қолына су құяды. Ақтөбеге өңірінде қолға су құю дәстүрі бар. Астанаға көшіп келгенде де сол салтты өзімізбен бірге ала келдік. Келіндеріміз сәлем салып, орамал тағады. Оның ар жағында жақсы тілек, ниет жатыр. Сондықтан салт-дәстүрден алыстамауымыз керек, – деді Қанат Айтбаев. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: