Жақияновтың үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалды

19 Ақпан, 13:00 2500

Саясаткер Ғалымжан Жақияновтың үстінен жаңа қылмыстық іс ашылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желідге парақшасында хабарлады.

Бұл жолы Алматыда.Осыған дейін Төлен Тоқтасынов екеуіміздің арамыздағы іскерлік даудың (оның бастамасымен) қоғамдық ортаға шығып, арты сот отырыстарына ұласқаны туралы жазғанмын. Мәселенің қысқаша мән-жайы былай: бір кездері өз басындағы қарыздарымен қаржылық жауапкершілікті Тоқтасынов маған жүктеуге тырысты. Өкінішке қарай, оның бұл әрекетке баруына ұзақ жылғы достығымызды да кедергі бола алмады. Ол маған жала жабумен, азаматтық сотқа жүгінумен шектелмеді. Мәселен, 2022 жылы Моңғолия полициясына менің үстімнен арыз жазды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп, мені жауапқа тартуға негіз таппай, керісінше, Тоқтасыновтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыдан кейін ол Моңғолиядан кетуге мәжбүр болды. Қазір оған іздеу салынған, – дейді ол.

Ғалымжан Жақияров Төлен Тоқтасынов былтыр Алматының Бостандық аудандық полициясына да дәл сондай арызбен жүгінгенін айтты.

Ондағылар да менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты маған қатысты іс қозғаудан бас тартады. Алайда биылғы жылдың 1 ақпанында Алматы қаласы прокуроры С.Кәріпбеков ол шешімінің күші жойылып, Тоқтасыновтың арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлапты. Осылайша, «Жаңа әділетті Қазақстанда» маған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы кем дегенде күмән тудырады. Әсіресе, Бас прокурордың прокуратура өкілдеріне іскерлік дауларға араласуға тыйым салатын ресми нұсқауы бар екенін ескерсек, бұл мүлдем ойға қонбайды. Сондықтан осы істе не жемқорлық, не саяси астары бар деп санаймын. Екеуінің нақты қайсысы екенін алдағы уақыт көрсетер, – дейді ол.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер әрі саясаткер Ғалымжан Жақиянов Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық қозғалысы негізін қалаушыларының бірі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: