Жапонияда элиталы сұрыптағы екі қауын 26 мың долларға сатылды

25 Мамыр 2023, 18:39 1006

Жапонияның Хоккайдо қаласында өткен аукционда элиталық «юбари» сортынан екі қауын сатылды. Сатып алушы жеміс үшін 3,5 миллион иен, яғни 25,9 мың доллар төлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аукционға барлығы 260 қауын қойылды. Соның ішінде ең қымбаты 3,5 миллион иенге сатылған.

Өткен жылы дәл осындай аукционда ең қымбат қауынның екі данасы 3 миллион иенге (22,2 мың доллар) сатылса, 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты «юбари» жұбы 120 мың иенге (шамамен 888 доллар) сатылған. Ал 2019 жыл рекордтық жыл болды, ол кезде элиталық сұрыпты қауындарды 5 миллион иенге (шамамен 45 мың доллар) алған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: