13.04.2025
05:22
937
Жапонияда 76 мың адам жалғыздықта көз жұмған

Жапонияда 76 мың адам жалғыздықта көз жұмған

Жапонияда былтыр 76 мың жалғызбасты адам қайтыс болған. Олардың 21 мыңнан астамының мәйіті сегіз күннен кейін ғана байқалып, «елеусіз өлім» ретінде тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lianhe Zaobao басылымының хабарлауынша, Жапон үкіметі өткен жылдың сәуір айында «Жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулануға қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдаған. Осы заңның шеңберінде елдегі жалғызбасты азаматтардың өз үйінде оңаша жағдайда көз жұму фактілері арнайы тіркеліп, мемлекет статистика жүргізуді бастады.