Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді

8 Тамыз, 08:02 500

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: