23.01.2025
03:31
1204
Жапония мамандары еліміздегі 13 гидротехникалық құрылысты зерттеді

Жапония мамандары еліміздегі 13 гидротехникалық құрылысты зерттеді

Жапон сарапшылары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты зерттеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Жапония елшілігінің қолдауымен сол елдің Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің мамандары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексерген.

Сарапшылар су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы нысандарды зерттеді.

Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт Су білім беру институты арасындағы меморандум аясында нидерландылық мамандар Астана мен Ақтөбеде су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша семинарлар өтті.