Жапондық сарапшылар ел аумағындағы 13 гидротехникалық нысанды тексерді

31 Шілде, 05:32 481

Жапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысында 13 гидротехникалық нысанды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жапондық мамандар Қазақстанның 4 облысында 13 гидротехникалық нысанның жұсымына куә болды. Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) су ресурстарын басқару жөніндегі аға кеңесшісі Самбэ Нобуо және жоба үйлестірушісі Айя Ито Ақтөбе облысына барды. Шетелдік сарапшылар жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

JICA мамандары су тасқыны кезінде үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын зерттеді. Атап айтқанда, Сілеті, Шағалалы, Астана, Шоқай, Самарқанд, Ынтымақ, Бітік, Дөңгелек, Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары мен Астананың қорғаныс бөгеті мен Преображенский су торабына барды.

Жапониялық делегация Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарын аралады. JICA мамандары күрделі зақымдану таппады. Тексеріс нәтижесі мен анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді, - деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шауенов.

Зарина Арман
Бөлісу: