24.10.2025
16:40
397
Жапон пойыздары неліктен ешқашан кешікпейді?

Жапон пойыздары неліктен ешқашан кешікпейді?

Қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі барлық елде бар, бірақ кейде техникалық ақаулар мен табиғи апаттар ол кестеге өзгерістер енгізуі мүмкін, бірақ оның жапон пойыздарына еш қатысы жоқ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Белгілі болғандай, әлемдегі ең жылдам пойыздар дәл осы Жапонияда жүреді. Олардың жылдамдығы 600 км/сағ-қа дейін жетеді, бұл ұшақ жылдамдығынан 300 км/сағ-қа төмен. Сондықтан олардың дәл уақытында келуі таңғаларлық жағдай емес. Ары кетсе бір-екі секундқа кешігіп келуі мүмкін. Бірақ мұның сыры тек жылдамдықта деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.

Уақытты бағалау мен тәртіп жапон мәдениетінің ажырамас бөлігі екені барлығына белгілі. Теміржолда да темір тәртіпті ұстанудың арқасында қайғылы жағдай тұрмақ, кешігу деген өмірі болып көрмеген.

Теміржолдардың құрылысы да дәл осы уақыттың маңыздылығын түсінумен тұспа-тұс келді, сондықтан пойыздардың кестесіз жүруі тіпті мүмкін емес еді.

Пунктуалдылық пен тиімділікті арттыру үшін жапон инженерлері әрдайым заманауи технологияларды пайдаланып, болашақты ойлауға тырысады. 1972 жылы Жапон ұлттық теміржолы компаниясы пойыз кестесін синхрондау үшін бағдарлама арқылы бағыттарды басқаруды енгізді – бұл пунктуалдылыққа қол жеткізудегі ең маңызды қадам болды.

Жапониядағы ең жылдам Синкансэн пойызы

Кейінірек Синкансэн (жоғары жылдамдықты теміржол желісі) үшін қауіпсіздік, техникалық қызмет көрсету және пайдалану жүйелері мен көлікті автоматты басқару жүйелері құрылды. Бұл жүздеген пойыздың қозғалысын нақты бақылауға мүмкіндік беріп, кестенің оңтайлануына және кешігулердің азаюына әкелді.

Айта кету керек, бұл жүйелер адамдарды алмастырмайды, тек жүктемені жеңілдетіп, теміржол қызметінің сапалы ұйымдастырылуына және қауіпсіздігіне көмектеседі.

Қызметкерлерді мұқият даярлау жолсеріктер, машинистер және вокзал қызметкерлері ұзақ әрі мұқият дайындықтан өтеді – пунктуалдылық пен қауіпсіздік бойынша қатаң стандарттарға сай болуы керек.

Жапон теміржолында қолданылатын ерекше әдістердің бірі – Shisa Kanko жүйесі. Бұл әдіс маңызды әрекеттерді физикалық қимылдармен (көбіне саусақты көрсету) және дауыстап айту арқылы белгілеуді қамтиды. Ғылыми зерттеулер бұл әдістің жұмыс барысында қателер санын 85%-ға дейін азайтатынын дәлелдеген.

Жапонияда пойыздың бір кешігуі - өте сирек кездесетін жағдай. Егер мұндай жағдай болса, барлық жолаушылардан ресми түрде кешірім сұралады, тіпті екі бағыттағы барлық жол шығыны қайтарылады.