Жапаров Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясында қарсы алды

9 Желтоқсан 2022, 12:52 1518

 Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетсек, Президент бүгін Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

EL.KZ
Бөлісу: