Жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде қайтыс болды

13 Қазан, 20:19 543

Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған шақалақ жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева желі парақшасында жазды. 

Қыз бала сағат 19.40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын,-деп жазды Динара Зәкиева.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысының орталығында жанып жатқан қоқыс жәшігінен дүниеге келгеніне шамамен бір күн болған  шақалақ табылғаны туралы жаздық. 

Перизат Саденова
Бөлісу: