Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБоксшы Назым Қызайбай эстрада жұлдызы Диана Исмаилға бокс техникасын үйретіп жүр.
Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаттығудан бейнеүзік жариялап, оқырманды қуантып қойды. Бейнеүзікке «Жаныңды қинайтын адам кездесер болып тұр» деп жазба қалдырған.
Боксшының Instagram парақшасындағы видео әзірге 10 мыңнан астам қаралым жинаған. Бейнежазбада рингтегі жаттығу процесі көрсетілген. Дұрыс соққы жасау техникасы мен қорғаныс әдістерін де байқауға болады.
Әнші Диана Исмаилдың түрлі жобада бой көрсеткенін білеміз. Сондықтан жанкүйерлер бұл кезекті контент пе, әлде тағы бір жоба басталғанын түсінбей дал. Бұған дейін әнші «Жұлдызды жұп» телешоуына қатысқан. Жалпы, Диананың «Сені кездестіргелі» бейнебаяны YouTube-та 17 млн қаралым жинаған.
Ал Назым Қызайбай болса, қазір ұлттық құрамамен бірге Бразилияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Бокстан қыздар құрамасы сәуір айының соңында Фос-де-Игуасуда өтетін World Boxing Кубогына дайындық жасап жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?