Елікай Сәменбек , жас дәстүрлі әнші, № 2 Өнер мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің оқушысы. Бүгінге дейін «Жас қанат жастар», «Ақжелең», «Аманат мюзик», «Алтын дауыс», «Шырқа, даусым!», «Айгөлек», «Қазақстан дауысы.Балалар» сияқты 30-дан астам республикалық, халықаралық ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова, Майра Ілиясова, Зәуре Жәкешова сынды қазақтың ән өнерінде өзіндік өрнегі бар әнші апаларынан бата алған. Елікай 6 жасынан бастап домбыра шертіп, дәстүрлі әнге ден қойды. Оның арманы асқақ, мақсаты – қазақ ән өнерінің көгінде өз жұлдызын жағу!