Жансая Әбдімәлік күйеуімен қалай танысқанын айтты

3 Мамыр 2023, 07:28 1553

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік күйеуімен қалай танысқаны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шахматшыдан Instagram-дағы оқырмандарының бірі жолдасымен қалай танысқанын сұраған. Жансая екеуін ортақ досы таныстырғанын айтты. 

23 жастағы бойжеткен жары кез келген жағдайда қолдау көрсететін алға тартып, үйлену тойына ата-анасы да, ата-әжесі де қуанғанын тілге тиек етті. 

Тұрмыс құрғанына қарамастан, карьерасын аяқтамайтынын да қоса кетті. 

24 сәуірде әлеуметтік желіде Әбдімәлік Нұрахмет Нұриевпен үйлену тойынан сурет салды. Оның жолдасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма басшысы болып қызмет атқарады.

EL.KZ
Бөлісу: