«Жанна Оразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды». Полиция мән-жайды айтты

Кеше, 13:28 338

Әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады. Істің мән-жайын KAZINFORM басылымы Алматы қаласының Полиция департаментінен сұрап-білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық істің адвокаттары үстінен сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін, яғни У. және Б. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан, – делінген ресми хабарламада. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: