Жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз – Круглыхина

7 Ақпан 2022, 17:25 1513

Бұл туралы фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

Біз төрелікке қатысты пкір айта алмаймыз. Себебі төрешілердің тәжірибесі жоғары. Олар 4 жыл бойы іріктеуден өтеді. Олардың шешіміне қатысты пікір айтуға құқығымыз жоқ. Жалпы құрама Олимпиадаға дайын болды. Медаль алуға ниеттендік. Бірақ жағдай осылай болды. Нәтиже де көңілімізден шықпады. Өз жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз, - деді Елена Круглыхина.

Оның айтуынша, бірақ осымен өмір аяқталмайды. 

Спорт та тоқтамайды. Осы жағдайдан шешім шығарып, сабақ алу керек. Әрі қарай дайындықты жалғастыру керек. Жазда карантин шараларының кесірінен дайындық жасау қиын болды. Күзде де сырғанайтын қар іздедік. Барлық спортшы жыл бойы қарда сырғанайды. Қазақстан құрамасы барлығынан аз жаттығу жасап, жақсы нәтиже көрсетеді. Біз бірлік пен рухымызды біріктіріп, алға беттеп барамыз. Командамыз үлкен әрі ауызбіршілігі зор. Юлия Галышеваға ерекше алғыс айтқым келеді. Біз осымен тоқтамаймыз, берілмейміз, одан әрі жұмыс істейміз, - деді ол.

baq.kz

 


Бөлісу: