01.01.2023
20:10
2184
Жәнібек Әлімханұлының бокстан әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Жәнібек Әлімханұлының бокстан әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Белгілі  vRINGe.com сайты түрлі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңарған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) бірінші орында тұр. Дәл осы салмақтағы WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 11 КО) оныншы сатыға жайғасқан.

Супер орта салмақта Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бесінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, отандасымыз орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеуінің иесі.

Головкин кейінгі жекпе-жегін екінші орта салмақта өткізді. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.