Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

12 Мамыр 2023, 12:26 1493

Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз рарбасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

WBO белдігі сарапқа салынатын айқас АҚШ-тың Стоктон қаласында Қазақстан уақытымен 14 мамыр күні 07:00-де басталады.

Канадалық былғары қолғап шебері жасының 27-де екенін айтып, бұл айқаста бокс әлемін таңғалдыруға дайын екенін тілге тиек етті.

Әлемді таңырқатқым келеді, - деді ол.

Әлімханұлы қарсыласының бұл сөздеріне түсіністік танытып, өзіне соққысын да дарытай алмайтынын тілге тиек етті.

Ол ойындағысын айтып отыр ғой. Нокаутқа келер болсақ, білмеймін... оған соққысын дарыту да қиын болады, - деді Жәнібек.

Бұл жекпе-жекте Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші рет әлем чемпионы атағын қорғайды.

Ал Батлер 2019 жылы WBA желісі бойынша чемпиондық атаққа таласқанымен, жапониялық Риота Муратаға техникалық нокаутпен жеңілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: