07.04.2025
04:10
3353
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық танымал былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде чемпиондық атақтарын сәтті қорғаған соң мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссеньені бесінші раундта нокаутқа жіберді.

«Канело», қайдасың? Мен орта салмақ королімін. Сен де өзіңді король санайсың ба? Ендеше әлемге екі корольдің айқасы қандай болатынын көрсетейік, — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 5 сәуірде өткен жекпе-жекте Жәнібек орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша белбеулерін қорғады.

Осылайша, ол карьерасында 17 жеңісіне қол жеткізіп отыр.