26.08.2023
00:32
1831
Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан - әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!»,– деп жазды ол.