Жаңбыр, жел: 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 Тамыз 2023, 07:23 908

«Қазгидромет» мәліметінше, 28 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, бұршақ жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болуы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атыраудың батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.

Перизат Саденова
Бөлісу: