Жаңбыр, найзағай, тұман: Сәрсенбіге арналған ауа райы

20 Қыркүйек 2023, 08:24 627

«Қазгидромет» синоптиктері қыркүйектің 20-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 20-қыркүйек күні республикамыздың батыс аймақтарына антициклон ықпалының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Ал еліміздің басқа аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылып тұрады, яғни жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша екпінді жел тұрып, тұман түседі, түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: