Жанбота Аманжол Пара Азия Ойындарында күміс жүлдегер атанды

25 Қазан 2023, 15:53 641

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жанбота Аманжол (J2) пара дзюдодан күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Алтын медаль үшін күресте ол Кореядан келген спортшы Ли Джунгке есе жіберді. Осылайша отандасымыз сары құрлық ойындарының күмісіне ие болды. 

Бұған дейін қазақстандық пара дзюдошылар бес мелаль иеленген болатын. Оның ішінде екеуі алтын, бір күміс және екі қола жүлде бар. 

Асқар Таудай
Бөлісу: