"Жанары мұң сияқты": Қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желі қолданушыларын ойландырып қойды

31 Тамыз, 21:11 1467

"Қазақфильмдегі" басшылық қызметінен кеткен белгілі актер Азамат Сатыбалды желі парақшасында жазба жариялап, көпті ойландырып қойды. Желі қолданушылары өнер иесінің нені меңземек болғанын өздігінше топшылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңадан туған қасқыр,балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып, тамақ сұрай береді. Одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре. Содан қозғалмай жатып, ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда. Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солааааааай…,-деп жазды ол.

Желі қолданушылары актер бұл жазба арқылы нені жеткізбек болғанын өздерінше болжады. Ал енді бір өнер иесіне алдағы ісіне сәттілік тіледі. 

"Осы аңызбен көп нәрсені айтты-ау", "Мәні тереңде жатыр", "Түсінгенге терең дүние, астарлы...", "Не деген жұмбақ? Қалай жоруға болады", "Осы кісінің жанары мұң сияқты көрінеді", "Мықты! Өнер жолыңыз, еңбек жолыңыз ғой!!! Сахнадан түспеңіз, халықтың баласы", "Дәл осы заманда басшы болып қызмет етіп, елге жағу мүмкін емес..." деп жазды желідегілер. 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: