04.04.2023
11:25
1186
Жанармайдың қымбаттауы азық-түлікке қалай әсер етеді? Вице-премьер жауап берді

Жанармайдың қымбаттауы азық-түлікке қалай әсер етеді? Вице-премьер жауап берді

ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің жанармай кұнын көтеруді жоспарлап отырғанына байланысты азық-түлік бағасының күрт өсуіне ешқандай себеп жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты.

«Қазіргі таңда азық-түлік бағасы тұрақты. Бағасы бірден қымбаттап кетуіне байланысты себеп көріп отырған жоқпын. Өткен жылы азық-түліктің қосымша қорын жеткілікті жинап қойдық. Соған байланысты баға да қымбаттамады, азық та жеткілікті болды», - деді министр.

Жылдық инфляция желтоқсан айынан бастап біршама құлағанын айтты.