30.05.2025
22:24
2319
Жанармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жанармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құлсары қаласындағы жанармай бекетінде болған жарылысқа қатысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атырау облысының Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті.

Автокөліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жедел жағдай бақылауға алынды.

Айта кетейік, Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі жедел штаб отырысын өткізді. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты