Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Махачкаладағы жанармай құю бекетінде күшті жарылыс болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдің БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан 75 адам зардап шеккен. Құрбан болғандар саны 27. Қаза тапқандар қатарында 3 сәби бар.
Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған.
Қазіргі таңда өрт ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Махачкаладағы жарылыс фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-баптың 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары