Жанармай мен дизель отынының қымбаттауы тапшылықтың алдын алады - сарапшы

1 Мамыр 2023, 17:45 780

Қазақстанда жанар-жағармай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында бензин мен дизель отынының бағасы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Каспий өңірінің мұнай-газ жобалары бойынша сарапшысы және Еnergy Monitor редакторы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, ҚР энергетика министрлігі 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отынының құнын көтерген. Бұған көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен салыстырғанда жанар-жағармай бағасындағы үлкен айырмашылығы себеп болған көрінеді. 

Шетелдік көліктер Қазақстанда арзан жанармай құюды жөн көреді.  Елімізбен салыстырғанда дизель отыны Ресейде   45 пайызға, Қырғызстанда 64%-ға, Өзбекстанда 2 есеге қымбат. Осының нәтижесінде арзан отын көрші елдерге түрлі жолдармен тасымалданады. Ресейдегі, сондай-ақ Қырғызстандағы автокөлік нарығының ахуалы мен аумағын ескерер болсақ, елімізде сөзсіз отынның тапшылығы туындайды, - деді Нұрлан Жұмағұлов. 

Асқар Таудай
Бөлісу: