Жаңаөзендік түлектер ұстазына пәтер сыйлады

26 Мамыр, 23:40 1981

Жаңаөзендегі №10 жалпы білім беретін мектептің 2004 жылғы түлектері мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен бірге физика пәні мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, түлектер пәтер кілтін 25 мамыр күні соңғы қоңырауда табыстаған. Сол сәтте ұстаз көзіне жас алған.

Қайырымдылық қорының демеушілері де өз сыйлықтарын табыстаған.

Айта кетейік, Гүлнара Қарақойшиева 40 жылдан астам уақыттан бері мектепте қызмет етеді.

Зарина Арман
Бөлісу: