Жаңаөзенде төрт адам көз жұмды: оқиға орнында облыс әкімі жүр

17 Сәуір 2023, 12:36 1287

Жаңаөзен қаласында тұрғын үйдегі жарылысқа газ қоспасы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салдарынан 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде.

Тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылуда. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды, - делінген мәліметте.

ҚР ТЖМ мәліметінше, үйінділер астынан 4 адам құтқарылып, төрт адамның денесі шығарылды. Алты адам ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін үш адам көз жұмғаны хабарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: